Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Ваз-21074” жүргізушісі скутермен соқтығысты

Ақтөбеде скутердің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 тамызда 45 жастағы “Ваз-21074” автокөлігінің жүргізушісі Әйтеке би мен Д.Қонаев көшесі қиылысында екінші дәрежелі жолдан шыққан кезде көлік құралына жол бермей, Қонаев көшесінің бойында кәмелетке толмаған 10 сынып оқушысының басқаруындағы “Мустанг” скутерімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан скутер жүргізушісі Ақтөбе қаласының Жедел жәрдем ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды.

Жүргізушілер екі дөңгелекті көлік құралдарымен соқтығысуға әкеп соғуы мүмкін маневр ережелері мен басқа да іс-әрекеттер жасау кезінде барынша сақ болуы қажет.

Автокөліктің немесе мотоциклдің артында отырып, жол қауіпсіздігі туралы ұмытпаңыз. Есіңізде болсын, жолдағы кез-келген күтпеген жағдай қайғылы жағдайға айналуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру