Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған ақтөбелік ұсталды

53 жастағы қала тұрғыны Жүргенев көшесіндегі үйдің ауласынан еркін қол жеткізу жолымен Стэллс велосипедін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнем ыңғайлы сәтті пайдаланып, аулаға кіріп, велосипедті ашық түрде ұрлап кеткен.

Велосипедінің жоқтығын байқаған 32 жастағы жәбірленуші полицияға хабарлады.

Полиция қызметкерлері іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдіктіні анықтап, ұсталды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды өз мүлкіне мұқият қарауға шақырады. Велосипедтерді, балалар арбаларын және басқа да осындай «көлікті» ұрлау көбінесе иелерінің немқұрайдылығынан болады. Велосипедті баспалдақ алаңында, тұрғын үйдің кіреберісінде, балалар мекемелерінің, сауда объектілерінің аумағында және т.б. қалдырмау қажет, иесі өзінің «көлік құралын» ұрлыққа қарсы жабдықпен жабдықтауы керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру