Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Қауіпсіз жол” ЖААШ барысында ШҚО полицейлері 37 мыңнан астам құқық бұзушылық анықтады

“Қауіпсіз жол” ЖААШ барысында ШҚО полицейлері 37 мыңнан астам құқық бұзушылық анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы аумағында​ 2021 жылдың 17 мамырынан 16 маусымы аралығында​ “Қауіпсіз жол”​ республикалық​ профилактикалық​ іс-шара​ өткізілді.

Полиция​ қызметкерлері жол ​ жүрісі қағидаларын бұзушылықтардың, оның ішінде​ көлік құралын​ масаң күйде басқару, сондай-ақ​ басып озу​ қағидаларын, жылдамдық режимін​ бұзушылықтың,​ маневр жасау,​ жол қиылыстары мен​ жаяу жүргіншілер өтпесінен​ өту қағидаларын бұзушылықтардың​ ​профилактикасы және​ олардың жолын кесу бойынша жұмыстар жүргізді.

ЖПІШ өткізу​ кезеңінде​ 37​ мыңнан астам​ әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде​ 9​мыңға жуық жаяу жүргіншілердің​ ​ жол жүрісі қағидаларын бұзушылығы ​ және ​жаяу жүргіншілер өтпесінен өту​ қағидаларын​ бұзушылықтар, сондай-ақ​ 212 масаң күйде көлік басқару фактісі,​ 141​ қозғалыстың қарама-қарсы​ жолағына​ шығып кету​ фактісі.

900-ден​ астам көлік құралын​ пайдалауға тыйым салынды, 400​ мемлекеттік тіркеу нөмірі​ алынды.
Шығыс Қазақстан облысының​ Полиция департаменті ​ барлық жол қозғалысы қатысушыларын​ Жол​ жүрісі қағидаларын​ қатаң сақтау,​ жолда абай болу​ және бұзушылықтарға жол​ бермеу туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру