Велосипед ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды
Жерлесінің велосипедін ұрлаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қараша күні Шиелі ауданының тұрғыны үйінің ауласындағы сарайының ішінде тұрған «STELS» маркалы велосипедін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы Шиелі аудандық полиция бөліміне арызданған.
Тексеру барысында жәбірленушінің отбасымен бірге 3 күн үйінде болмағаны, сол кезде үйінің ауласындағы сарайынан велосипедін белгісіз біреудің ұрлап кеткені анықталды.
Аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған 29 жастағы кент тұрғынын анықтап, ұстады. Велосипед алынып, заңды иесіне қайтарылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.