Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алтын алқа иесіне қайтарылды

Рудный полицейлері алтын бұйымды иесіне қайтарып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Рудный қаласының Полиция басқармасына белгісіз біреудің құны 300 мың теңге тұратын алтын алқасын мойнынан жұлып алып, қашып кеткені туралы жергілікті тұрғын шағымданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар Рудный қаласының 40 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол жәбірленушінің алтын алқасын ломбардқа тапсырып үлгерген.

Жәбірленуші полицейлерге мүлкін қайтарғаны үшін алғыс айтты.

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 191-бабымен (Тонау) тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру