Велосипед ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағандыда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 55 жастағы қала тұрғыны хабарласып, көпқабатты үйдің дәлізінде тұрған велосипедін белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.
29 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері 41 жастағы күдіктіні ұстап, ол қылмысын мойындады.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тергелуде.