Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Велосипед ұрлаған шымкенттіктің әрекеті әшкереленді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полицейлері қылмысты “ізін суытпай” ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін 10 сәуір күні сағат 10:00 шамасында "102" арнасы арқылы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне велосипед ұрлығына қатысты хабарлама түскен.

Арызданушы 1993 жылы туған азамат Есіл көшесі №3 үйдің подъезінде тұрған "Аdidsi 95" үлгідегі велосипедін ұрлап кеткенін айтып, тәртіп сақшыларынан көмек сұрған.

Ұрлықты ашуға бағытталған жедел іздестіру шаралары барысында Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы №26 учаскелік полиция пунктінің инспекторлары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ер азаматты ұстап, айғақты зат велосипед тәркіленіп алынды.

- Өте шұғыл қимылдап, қылмысты ашып, қолды болған затымды қайтарып берді. Қылмысты “ізін суытпай” ашқан полицейлерге алғыс айтамын, - деді велосипед егесі.

- Осындай қылмыстық әрекеттердің алдын алудың жолы – қос дөңгелекті көліктерді бейнебақылау камераларымен қамтылатын аумақтарға және құлыпқа салынып жабылатын орындарға қою керек, себебі ауа райының жылы кезінде велосипед ұрлықтарының орын алуы – кең тарайтын қылмыстың түрі, - дейді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру