Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас халде мотоцикл басқарған мақтааралдық тұрғын ұсталды

Мас халде мотоцикл басқарған мақтааралдық тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында, тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай кезекті рейдтік іс-шаралар барысында, мақтааралдық полицейлер сағат кешкі 20:05 шамасында аудан көшелерін патрульдеп келе жатып, жол ережесін бұзып келе жатқан “ИЖ Планета” маркалы мотоциклін тоқтатады. Оны тексеру барысында мас халде болу мүмкін деген күдік тудырған. Осылайша медициналық сараптама тағайындап, зерттеудің қорытындысына сәйкес, оның мас халде екені расталды.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолданған. Мақтаарал аудандық сотының қаулысына сәйкес, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 30 тәулікке әкімшілік қамау шарасы қолданылды.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға ішімдік ішіп, көлікке отырмаңыздар деп ескертеді. Одан бөлек жол қауіпсіздігі ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай, тиісті заң талаптарын орындауға шақырады. Бірінші кезекте жүргізушілерге өз өмірлерін, бас амандықтарын ойлауға шақырады. Сондай-ақ үйіңізде жақындарыңыз күтіп отырғанын ұмытпауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру