Видео: Азаматшаны тонаған 2 күдікті ұсталды
Атырау қаласында азаматшаны қорқытып, ақша сұраған 2 күдікті қамауда,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.
Атырау қалалық Полиция басқармасына 1995 жылғы азаматша, белгісіз екі адам өзін қорқытып, ақша сұрап, үйіне баса-көктеп кіргендері туралы арызданды.
Полиция қызметкерлері ізін суытпай қылмысқа қатысты 1992 жылғы азамат ұстап, қамауға алды. Екінші күдікті анықталып, ұстау шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы («Тонау») бойынша жүргізілуде.
Күдіктілердің басқа да осындай қылмысқа қатыстылықтары анықталып, тексерілуде.