Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Видео: Азаматшаны тонаған 2 күдікті ұсталды

Атырау қаласында азаматшаны қорқытып, ақша сұраған 2 күдікті қамауда,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Атырау қалалық Полиция басқармасына​ 1995 жылғы азаматша,​ белгісіз екі адам өзін қорқытып, ақша сұрап, үйіне баса-көктеп кіргендері туралы арызданды.

Полиция қызметкерлері​ ізін суытпай қылмысқа қатысты 1992 жылғы азамат ұстап, қамауға алды.​ Екінші күдікті анықталып, ұстау шаралары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ​ сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы  («Тонау») бойынша жүргізілуде.

Күдіктілердің басқа да ​осындай қылмысқа қатыстылықтары​ анықталып, тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру