Заңнан бой тасалаған елордалық Өскеменде ұсталды
Заңнан бой тасалаған елордалық Өскеменде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қаңтарда Нұр-Сұлтан полициясы іздестіріп жатқан ер адам Шығыс Қазақстан облысының орталығында ұсталды.
Елорданың 27 жастағы тұрғыны 2020 жылы Өскемен қаласының көтерме сауда базарларының бірінен құны 120 мың теңгеге бағаланған 10 қорап тауық етін ұрлап, тәртіп сақшыларының қолына түскен. Кейін күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің бақылауына алынды.
Алайда қаскөй жасаған қылмысы үшін берілген жазадан бойтасалап, ұрлық жасаған қалаға келіп, қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерінен жасырынған. ШҚО ПД криминалдық полициясының жедел іс-қимылдарының нәтижесінде жазадан жалтарған қаскөй қайтадан ұсталып, қамауға алынды.