Заңсыз айналымнан жеті тоннадан астам түрлі есірткі заттары алынды
Түркістан облысында есірткімен күрес қарқынды жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1987 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы жыл сайын 26 маусымды «Халықаралық есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес күні» ретінде атап өтуді белгіледі. Осы бағытта Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және аудандық құрылымдардың қызметкерлерімен тұрақты түрде, жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
Нақтырақ айтсақ, 2020 жылдың алты айға жуық уақыт ішінде тәртіп сақшыларымен есірткінің заңсыз айналымына қатысты 232 есірткімен байланысты деректер анықталған, оның ішінде 121 есірткі қылмысы болса, ал 111-і теріс қылықтар және 11-і есірткі әкімшілік құқық бұзушылықтар. Есірткі қылмыстары бойынша 56 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Заңсыз айналымнан жеті тоннадан астам түрлі есірткі заттары және 6000-нан астам есірткі өсімдіктері (көкнәр, сора) тәркіленді. Есірткі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 11 адам жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері оқушылары мен студент жастар арасында есірткі қылмыстарының және нашақорлықтың алдын алу, жастардың есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында 23 іс-шара өткізіліп, оған 635 адам қатысқан.
Қазіргі таңда, әлемде орын алып жатқан «COVID-19» індетіне байланысты халықтардың жиналуына тиым салынғаны белгілі. Осы тұста облыс жастарының есірткі және нашақорлыққа қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында жұмыстар бәсеңдемей, 15-29 маусым күндері аралығында «Есірткісіз болашақ!» ұранымен байқау өткізіліп жатыр. Байқаудың қорытындысымен, жүлделі орындарға ие болған жастар бағалы сыйлықтар мен департаменттің грамоталарымен марапатталатын болады.
Негізінде бұл құбылыстың барлық қасіреттері жөнінде адамдарды толық, жан-жақты, ақпараттандыру мақсатқа қол жеткізудің ең тиімді құралы екенін барлығы мойындайды.
Сондай-ақ, есірткіге тәуелді адамдардың гигиеналық жағдайларының нашар болуы және иммундық жүйесінің әлсіздігі салдарынан туберкулезге шалдығу қаупі жоғары болады. Соңы өліммен аяқталуы да мүмкін. Сондықтан, естеріңізде болсын! Есірткі оны тұтынатын адамның өмірін жалмайтын ғасыр дерті.
Полиция.к