Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көліктерді эвакуатормен айыптұраққа жеткізді

Сарыағаштық полицейлер эвакуатормен 1000-ға жуық көлікті айыптұраққа жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елімізде автокөліктердің саны күн санап артып келеді. Соның салдарынан жолда жүру ережелерін бұзатындар немесе арнайы жол белгілеріне назар аудармайтындар қатары да көптеп кездеседі. Осындай олқылықтың алдын алу мақсатында полицейлер қызмет атқарып келеді. Эвакуаторды тізгіндеген тәртіп сақшылары қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Жол-патрульдік полицейлері эвакуаторда күндіз-түні жұмыс істейді. Олар қаланы аралап, ереже бұзған көліктерді арнайы құрылғы арқылы эвакуаторға тиеп, айыптұраққа жеткізеді.​​​​​​​​​​​​​

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ ППТ-ның қызмет аға инспекторы Бекболат Джигитовполицейлер Ерлан Қазыбеков, Нұрсейіт Тұрмановтардың арнайы “Камаз Эвакуатор” автокөлігімен қарқынды түрде, күнделікті жұмыс жүргізіп жатқанын айтуға болады.

Соның нәтижесінде қазіргі таңда ҚР ӘҚБтКнің 597-бабымен “Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу 972 хаттама толтырылыпайыппұлдар салынып, автокөліктер айыптұраққа қойылған.

Түркістан облысының полицейлері тоқтауға және аялдамаға, жолдың жүріс бөлігіне көлік қоюға болмайтындығын ескертеді. Заңға бағынбайөзіңізге ыңғайлы жерге көлігіңізді қойып кетуге мүлдем болмайды. Тәртіпке бағынып, тек белгіленген жерлерге темір тұлпарыңызды қоюға дағдыланыңыз деп кеңес береді. Өзгелерге кедергі келтірмеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру