Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз балық аулаған мақтааралдық 1 жыл 6 айға сотталды

Түркістан облысында заңсыз балық аулаған ер азаматқа қатысты сот шешімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара су қоймасында заңсыз балық ресурстарын заңсыз аулаған кезекті браконьер ұсталды. Тексеру барысында анықталғандай, түнде жүргізілген рейдтік іс-шаралар кезінде Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері «Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы» РММ қызметкерлерімен бірлесіп, жағалауда электротокты қармақтың көмегімен балық аулаған ер адамды байқаған. Содан соң оқиғаның мән-жайын анықтамақ болып, полицейлер жанына барды. Оны тексеру барысында Урал мотоциклінен бір дана ток көбейткіш құрал, 12 вольттік аккумулятор, сүзекі, резеңке қайық айғақты зат ретінде алынды. Сонымен қатар жалпы салмағы сегіз келі болатын төрт дана сазан балығы тәркіленді.

Аталған жайт тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, жинақталған іс-құжаттарды заңды шешім қабылдау мақсатында Мақтаарал аудандық сотына жолдады. Бүгінде заңсыз балық аулаған ер азаматқа қатысты сот үкім етті. ҚР ҚК-нің 335-бабында көзделген заң талаптарын өрескел бұзған азаматты Мақтаарал аудандық соты бір жыл алты айға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны және ресурстарды заңсыз өндіргені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және заңдарды сақтауға шақырады. Егер сіз браконьерлік деректеріне куәгер болсаңыз немесе қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, тез арада полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру