Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ауаны ластаған 5 автобустың жүргізушілері жауапкершілікке тартылды

Петропавлда ауаны ластаған бес автобустың жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеуде. Қоғамдық көліктегі экологиялық қауіпсіздік – жұмыс бағыттарының бірі.

Полицейлер экологтармен бірге жолаушылар тасымалдайтын көліктердің соңғы аялдамаларында рейдтер жүргізуде. Арнайы құрылғы қозғалтқыштағы ауаны ластайтын заттардың деңгейін көрсетеді. Өкінішке орай, нәтиже көңіл қуантарлық емес. Арнайы құралдармен газ мөлшері өлшенген алты автокөліктің бесеуінде түтін шамадан тыс шығарылған. Бір көлікте көрсеткіш бес есе, енді бірінде 16 есе көп болған.

– Жүргізушілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 334-бабы (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) бойынша жауапкершілікке тартылды, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш. – Ауаны ластайтын заттардың көлемі екі есе көп болса, ескерту, ал көбірек болса екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Құқық бұзушылар жеті тәулікте айыппұлдарын жеті тәулікте өтейтін болса, тең жартысын, яғни 1 АЕК төлейді. Сондай-ақ, жолдардағы қауіпсіздікті арттыру үшін көлік құралдарының техникалық жағдайы тексеріледі. “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасының үш аптасы ішінде техникалық байқаудан өтпеген, 350-ге тарта автокөлік тексерілді. Рейс алдындағы байқаудан төрт жүргізуші өтпеген.

Іс-шара басталғаннан бері облыс жолдарында жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретін тоғыз мыңнан астам бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру