Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз ағаш кескен Шербақты тұрғыны ұсталды

Заңсыз ағаш кескен Шербақты тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 4 маусымында Галкин ауылдық округінде “қарағай” тұқымды ағаштарды заңсыз кескені үшін полицейлер Шарбақты ауылының 32 жастағы тұрғынын ұстады.

– Ұсталған ер адамға қатысты полиция ҚР ӘҚБтК-нің 381-1-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік іс қозғады, материал сотқа жіберілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Шарбақты ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Талғат Балтабаев.

Полицейлер аймақ тұрғындары мен қонақтарын табиғатты қорғауға және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауға шақырады. Браконьерлікпен күрес, аң аулау және заңсыз ағаш кесу ережелерін бұзу қылмыстарының алдын алуға, жолын кесуге және анықтауға бағытталған алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетінін естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру