Заңсыз балық аулаудың жолы кесілді
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекара қызметі биыл 31 наурыздан бастап Ресей Федерациясы ФҚҚ ШҚ-мен Каспий су айлағында браконьерлік әрекеттің жолын кесу және ресурстарды күзету бойынша жедел-алдын алу іс-шараларын жүзеге асырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шекара кеңістігінде 98 құқық бұзушы, оның ішінде 14 мемлекеттік шекара режимін және 71 аумақтық және ішкі су (теңіз) режимін бұзушы ұсталды.
65 жүзу құралы, 42 қозғалтқыш, төрт көлік құралы, браконьерлік аулау аспаптары: 236 шақырымнан астам ау және ілмегі бар арқан, 66 тұзақ, 55,1 мың ілгек және басқалар тәркіленді.
Браконьерлік заңсыз айналымнан 763 дана (3,8 мың келі) бекіре тұқымдас, 4947 дана (2,5 мың келі) ұсақ тұқымды балық, сондай-ақ 43 итбалық алынды.
Браконьерлер келтірген шығын 85,6 млн. теңгеге бағаланып отыр. Шекара қызметінің іс-қимылы нәтижесінде табиғи тіршілік ортасына 3824 тірі балық (оның ішінде 695 бекіре тектес) және 43 итбалық жіберілді. 1,88 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 1 млрд. теңгеден артық мөлшердегі экологиялық залалға жол берілмеді.
Іс-шаралар жалғасып жатыр.