Заңсыз түрде жұмыс жасап жатқан караоке-бар анықталды
Ақтөбеде заңсыз түрде жұмыс жасап жатқан караоке-бар анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылы 31 қазан күні Ақтөбе қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері мониторинг топпен бірге рейдтік іс-шара жүргізу барысында қала аумағында заңсыз түрде жұмыс жасап жатқан караоке-барды анықтады. Облыс аумағында шектеу шаралары жүріп жатқанына қарамастан, Ақтөбе облысы мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарына қарсы караоке-бар жұмыс жасаған. Соған қатысты мекеме басшысына ҚР ӘҚБтК 425-бабына (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, әкімшілік шара қолдану кезінде мекеме басшысы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамауға қарсылық білдірді, оларды мекемені тексеру үшін кіргізбеуге тырысқан. Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін оған қатысты ҚР ӘҚБтК 667-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды, арнайы әкімшілік соттың шешімі бойынша ескерту берілді (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау), осындай құқық бұзушылыққа 20 АЕК 55560 мың тенге немесе бес тәулікке дейін қамау қарастырылған.