Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 12 ұялы телефон ұрлығы ашылды

Ақтөбе облысының аумағында ағымдағы жылдың 29-31 қазаны аралығында «Мобильник» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шара барысында полиция қызметкерлері бұрын жасалған 12 ұялы телефон ұрлығы ашылды. 17 ұялы телефон тәркіленді.

Қалта ұрлығының ең көп таралған әдісі – қол сөмкесінің ұрлануы. Қолдың ептілігінің арқасында ұрылар кез келген адамның киімінің қалтасына қол сұға алады. Көбінесе олар сыртқы қалталардан немесе целлофан пакеттерінен немесе сөмкелерінен ұрлап жатады. Ал 99% жағдайда бұл мүмкін емес.

Қоғамдық көліктерде қалта ұрлығы жиі орын алады. №1,7, 15, 11, 22, 24, 25, 27, 46, 51, 52 қоғамдық көліктерде сондай-ақ, «ОАК», «ТЖ вокзалы», «Ардагерлер үйі», «Акация» және «Сазда», «Океан» аялдамаларында полиция қызметкерлері қалта ұрлығын болдырмау және алдын алу мақсатында тұрақты шаралар жүргізеді.

Ұялы телефондар, ақшасы мен құжаттары бар әмияндар, негізінен қалта ұрлығы кәмелетке толмағандар мен әйелдерге қатысты жасалады.
Мүліктің қауіпсіздігі үшін бірнеше маңызды кеңестерді есте сақтау керек:

– құжаттармен бірге ақша алып жүрмеңіз;
– ешбір жағдайда көшеде ақшаны қайта есептемеңіз;
– көшеде бейтаныс адамдарға ақша бермеңіз;
– әмиян мен құжаттарды пластикалық пакетке және шалбардың артқы қалтасына салмаңыз;
– қоғамдық көлікте әсіресе қарбалас уақытта өте мұқият болыңыз.

Сіздің мүліктің қауіпсіздігі сіздің қолыңызда екенін есте ұстаған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру