Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төретамда рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде 16 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысының Төретам кентінде «Таза елді мекен» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, криминогендік ахуалды сауықтыру, қылмыстарға жол бермеу мақсатында өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастамасымен қолға алынған «Таза елді мекен» профилактикалық іс-шараларының тиімділігін арттыру үшін  2020 жылдың 31 қазанында Өкілдіктің барлық тиісті қызметкерлерін жұмылдыра отырып, Төретам кентіндегі көшелер мен қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында көшелердің бойына құм, бетон, тағы басқа құрылыс заттарын тастау, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығару сияқты құқық бұзушылықтарға жол бергені үшін 16 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру