Заңсыз жасалған құқық бұзушылықтар жауапкершілікке тартылды
ҚР-ның ІІМ 2018-2020 жылдарға арналған «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының» аясында 2020 жылдың ақпан айында Қарағанды қаласының полиция басқармасы Орталық ПБ аумағында кешенді жұмыс жасау шараларын өткізілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған кешенді шараның басты мақсаты-мүліктік сипатындағы бұрын жасалған қылмыстарды ашу және қылмыстық құқық бұзушылықтың барлық түрлерін алдын алу, ескерту. Сонымен бірге аталған шараның негізі тапсырмасы ұрланған ұялы телефондарды іздестіру, есірткі заттарын, атыс және травматикалық қаруларды заңсыз пайдалануды, заңсыз пәтерлерді жалға беруді және ҚР аумағында заңсыз болу құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу.
Жеке құрам белгілі бір тұрғылықты жері, құжаттары жоқ тұлғалардың, жедел қызығушылық тудыратын және ішкі істер органдарынан жасырынып және іздеуде жүрген тұлғаларды жиналатын орындарында жұмыстар жүргізді.
Жергілікті жұмыс жасау барысында Қарағанды облысының Полиция департаментінің, Қарағанды қаласының Полиция басқармасының және Орталық полиция бөлімінің күш және құралдары жұмылдырылды. Аталған іс-шараға Қарағанды қаласының ПБ аппаратының және Орталық ПБ жеке құрамынан 70 жуық қызметкерлер тартылып, көп қабатты үйлер және 140 жуық жеке меншік үйлер, базарлар, сауда орындары және жалға берілетін үйлер тексерілді. ІІО-ның есебінде тұрған 200-ден аса адамдар тексеріліп 40 –тан астам құқық бұзушылықтар анықталды. Орталық ПБ қарасты №5 УПП 50 -ден астам адамдар жеткізіліп, 20-дан астам адам дакто және фото есебіне алынды.
Сонымен қатар іс-шара барысында заңсыз пәтерлерді жалға берумен айналысатын 20-дан астам тұлғалар анықталып, олар туралы ақпараттар Қарағанды облысының бойынша кірістер департаментіне жолданды.
Қарағанды қаласының ПБ ЖБО көмегімен Орталық полиция бөліміне жеткізілген барлық адамдардың телефондарының ІМЕІ-кодтары тексерілді
Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғай отырып қала аумағындағы қылмыстарды және қылмыстық құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша Қарағанды қаласы ішкі істер органдарымен алдағы уақытта да осындай шаралар өз жалғасын табатын болады.