Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандықтардың шетелдік көліктеріне алғашқы нөмірлер берілді

Түркістан облысында алғаш рет шетелдік автокөліктерге сары нөмір берілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан  облысы  Сайрам  ауданының  мамандандырылған  халыққа  қызмет  көрсету орталығында     автокөлік  иелері   алғаш Еуразиялық  Экономикалық Одақ елдерінен әкелінген автокөліктерін уақытша тіркеуден өткізді.  Белгілі болғандай,  ҚР бойынша ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерінде есепте тұрған шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді тіркеу акциясы басталды.

Сайрам ауданының автоцонында  тұрғын Сергей  Шведов  екі  көлігіне  бірдей,    яғни Тойота   Ленд   Крузер   және   Тойота   Камри   маркалы   автокөліктеріне   “сары   нөмір” рәсімдеді. Тағы бір автокөлік иесі Ердос Шинтуреевте 2018 жылы шығарылған Джип Гранд Чероки автокөлігіне уақытша тіркеу  нөмірін алды. 
Полицейлер атап өткендей, нөмірлерді рәсімдеуге  20 минут қ ана уақыт кетеді. Жаңа тіркеу нөмірлерін алған автокөлік иелері енді Қазақстанның барлық аумағында жыл бойына емін-еркін  жүруіне болады. Алайда, содан кейін олар тұрақты тіркеу туралы шешім қабылдауға тура келеді.
“Бүгін мен Сайрам ауданының мамандандырылған ХҚКО-на өз автокөлігімді рәсімдеу үшін келдім. 20 минут ішінде маған нөмірлер тез және сапалы безендіріліп берілді. Мен   мемлекеттік   нөмір   және   техникалық   құжатты   алдым.   Мамандарға   сәттілік тілеймін. Олар жақсы жұмыс көрсетті” – деді көлік иесі  Ердос Шинтуреев.
Түркістан   облысы   ПД   Әкімшілік   полиция   басқармасының   бастығы   полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков атап өткендей, бүгінде Еуразиялық Экономикалық Одақ   елдерінен   әкелінген   шетел   нөмірлерімен автокөліктерді   рәсімдеу   ережелері туралы кеңес алу үшін Түркістан облысының 250-ден астам автокөлік иесі, тұрғындар полицияға жүгінген.

Бұдан бөлек осындай түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Оның ішінде “Жолда   қабылдау”   акциясы   аясында   мүдделі   органдармен   бірлесіп,   шетелдік мемлекеттік  нөмірлі   көліктерді  рәсімдеу  қажеттілігі   туралы жұмыстар  жүргізілуде.

Бұл бағыттағы істер алдағы уақытта да  өз жалғасын табады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру