Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зейнеткер Ақмола колониясының сотталғандарына кітаптар сыйға тартты

Зейнеткер Ақмола колониясының сотталғандарына кітаптар сыйға тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Кітаптар тек сезімдерді ғана емес, ойларды, дәм мен хош иісті де жеткізе алады, – дейді Людмила Александровна үй кітапханасын мекеме қызметкеріне тапсырып.

– Қазір жақсы кітапті сатып алу оңай емес. Біз оларды сақтадық, өйткені кітап оқуды қазіргі заманғы ақпарат беру құралдарымен салыстыруға болмайды, – дейді кейіпкеріміздің құрбысы Антонина Сергеевна.

Людмила Александровна өзінің жасына қарамастан Көкшетау қаласының “Ана мен бала” қоғамдық қорының еріктісі, сондай-ақ ол өмір бойы аяқ киім зауытында есепші болып жұмыс істеді.

– Кітаптарға деген махаббат мектеп қабырғасынан басталды. Орыс классикалық әдебиетінде әртүрлі эмоциялар, махаббат пен соғыс, адалдық пен достық ноталары бар. Мен бұл кітаптарды қалай сатып алғаным әлі есімде. Қазір жасым келді, көру қабілетім нашарлады, кітапты сирек оқимын. Мен кітаптарды лақтыра алмаймын. Жақында кітаптарды мекемеге бере алатынымды білдім, барлық әдебиеттерді сіздерге табыстағым келеді. Мүмкін бұл сотталғандарға көмектесіп, уақытты өткізеді, – деді зейнеткер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру