Зейнеткер Саран полицейлеріне алғысын білдірді
Зейнеткер Саран қаласының полицейлеріне ұрлығы ашылғаны үшін алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне 69 жастағы Арықбай Қосақбаев жүгінген.
Ол белгісіз біреу көпқабатты үйдің кіреберісінде тұрған екі баланың велосипедін ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленуші велосипедтерді дәлізде түнде қалдырғанын түсіндірді. Таңертең пәтерден шыққанда олардың жоғалып кеткенін білдім. Келтірілген шығын көлемі 71 мың теңгені құрады.
Зейнеткердің немерелері екі доңғалақты көлікті пайдаланған.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 32 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған велосипедтер алынып, зардап шеккен тарапқа қайтарылды.
Арықбай Қосақбаев полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғысын білдірді. Бұл ретте тәртіп сақшыларының ұрланған дүние-мүлкін бүлінбей қайтарғанын, бұған немерелері ерекше қуанатынын жеткізді.