Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дағдарыс орталықтарына 7,5 мыңнан астам әйел жіберілді – ІІМ

ІІМ 50 үкіметтік емес ұйыммен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды. Зардап шеккендерді әлеуметтік оңалтуға 57 дағдарыс орталығы көмек көрсетеді. Биыл полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді осы орталықтарға жіберді. Олардың 2 мыңнан астамы баспанаға орналасты. Бұл туралы ішкі істер министрі айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Дегенмен, орталықтардың саны жеткіліксіз. Мысалы, Шымкентте полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 11 мың хабарлама келіп түскен. Ал ол жерде тек бір ғана дағдарыс орталығы бар. Абай және Қызылорда облыстарында мүлдем жоқ. Әкімдіктер өңірлерде орталықтардың жұмысын ұйымдастыруды және осы бағытта мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты ұлғайту мәселесін қолға алу керек, – деді Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру