Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жағалаудағы қоқыс жәшігін лақтырған жасөспірімнің анасы жауапқа тартылды

Жағалаудағы қоқыс жәшігін лақтырған жасөспірімнің анасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Instagram және Tik Tok әлеуметтік желілерінде кәмелетке толмаған баланың Павлодар қаласындағы жағалаудың жоғарғы бөлігінен көгалдыққа қоқыс урнасын лақтырған видео тарады. Жас жігіттің жанында болған достарының бірі аталмыш көріністі видеоға түсіріп тұрған.

– Осы жарияланымға дереу ден қойған Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жағымсыз әрекеттің «кейіпкері «- Павлодар қаласының 16 жастағы тұрғыны, 9-сынып оқушысын анықтады, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ол тәртіп сақшыларына 21 жылдың 2021 қарашасында сағат 18:30 шамасында достарымен бірге жағалауда серуендеп жүріп, көзі шалған қоқыс жәшігін жоғарғы деңгейден төменгі бөлікке лақтырғысы келген және досына осы қимылын ұялы телефон камерасына түсіруді сұрағанын айтты.

Осыдан кейін, ағымдағы жылдың 22 қаңтарында жас тиктокер сансыз лүпіл жинауға үміттеніп, аталмыш видеоны әлеуметтік желілерде жариялап жіберген.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жасөспірімнің анасына қатысты ҚР ӘҚБтК 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған сәйкес әйелге жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірім мен оның ата-анасымен келешекте мұндай мінез-құлыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді. Сонымен қатар, аталған факті бойынша жасөспіріммен профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысты оқу орны бойынша хабарлама жіберіліп, ол жерде алдағы уақытта алдын алу кеңесі өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру