Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 23 шетелдік ел аумағынан шығарылды

Ақтөбе облысында 23 шетелдік ел аумағынан шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау және шетелдіктердің республика және облыс аумағында болуын бақылауды күшейту мақсатында полиция қызметкерлері тұрақты негізде “Мигрант” атты жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізеді.

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1824 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, облыс бойынша 2021 жылы АІЖК тәртібінде 23 шетелдік республика аумағынан шығарылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өтудің жеті фактісі, заңсыз көші-қонды ұйымдастырудың алты фактісі және ҚР-ға шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу фактісі анықталды. 104 адам қос азаматтық алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жыл басынан бері көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 230 200 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру