Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жайылымда жүрген біреудің малын машинасына тиеп алған ұры ұсталды

Жайылымнан 6 бас сиыр ұрлаған облыс тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізу барысында қараша айының 7-нен 8-не қараған түні Шиелі кентінде «Газель» автокөлігін тоқтатқан, оның жүк салғышын тексеру барысында алты бас ірі қара сиыр малы анықталған. Газель көлігінің жүргізушісі малдардың шығу тегін түсіндіріп бере алмаған.

Тексеру барысында аталған сиырлардың Ы.Жахаев ауылына қарасты егістік алқабында қараусыз жайылып жүрген жерінен ұрланған малдар екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 1- бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру