Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қармақшы ауданының пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталған азаматтарға тегін дәрі-дәрмек таратты

Пробация есебіндегі азаматтарға тегін дәрі-дәрмек таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қармақшы аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресустық орталығымен, қоғамдық бірлестіктермен, ерікті жастармен бірге сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытында жұмыстар атқаруда.

Бұл жолы аудандық пробация қызметі, “Демеу” еріктілер тобымен бірге пробация есебіндегі тұрған бес сотталған азаматтың отбасына көмек көрсетті. Атап айтқанда әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін дәрі-дәрмек, бетперде және антисептик құралдарын таратты.

Шара аясында пробация есебіндегі азаматтарға қауіпті індеттен сақтану жолдары  түсіндіріліп,  азаматтарға адам көп жиналатын жерлерге бармау, медициналық маска тағып, оны ауыстырып отыру қажет екендігі айтылды.

Бұған дейін де аудандағы ерікті жастардың көмегімен есептегі азаматтарға азық- түлік себеттері мен бетперделер таратылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру