Жайылымнан мал ұрлаған семейлік ұсталды
Жайылымнан мал ұрлаған семейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Семей қалалық ПБ Әуезов ПБ-не 52 жастағы Восход ауылының тұрғыны өзінің Семей-Қарауыл күре жолының 70 шақырымында орналасқан шаруа қожалығындағы екі қойды белгісіз біреулердің өрістен ұрлап кеткендігі туралы арызданады. Келтірілген шығынды жәбірленуші 100 000 деп бағалады. Осы қылмыстың «ізін суытпай» ашу үшін арнайды топ жасақталып, іздеу жұмыстарын қолға алды.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 48 жастағы еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотталмаған Семей қаласының тұрғынын анықтап, жеткізді, – деді Семей қалалық ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында бұл ер адамның басқа да ашылмаған мал ұрлығына қатысы бар-жоғы нақтыланатын болады.