Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында той жасаған үш тұрғын жауапқа тартылды

Түркістан облысында той жасаған үш тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамастан той-жиын өткізу тоқтамай тұр. Осыған байланысты Созақ АПБ-ның қызметкерлерінен карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында мобильді топ құрылды.

Тәртіп сақшыларының күнделікті жүргізіп жатқан жұмыстарының барысында үш жанұялық іс-шара анықталды. Олардың бірі күндізгі сағат 15:00 шамасында 50-ге тарта туыстарын жинап, тұсау кесу тойын өткізген. Қалған екі тұрғын 60-тан астам адамды жинап, беташар тойын ұйымдастырып, жасаған.

Тәртіп сақшылары аталған жайттарды ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау мақсатында Созақ аудандық СЭББ-ге жолдады.

Айта кетейік, Созақ ауданы көлемінде жыл басынан бері карантин режимін бұзып, түрлі той-жиын жасаған 130 жайт анықталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру