Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, екі жігіт суға кетіп қала жаздады
Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген екі жігіт суға кетіп қала жаздады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жайық өзенінің бетіндегі мұз ойылып, үстінде жүрген 18 жастағы жігіт суға кетіп бара жатқан. Бұны көрген досы оған көмекке келді. Оқиғаға куә болған тұрғындар арнайы мамандарды көмекке шақырды, алайда екі жігіт өз күштерімен өзеннің арғы жағына өтіп, аман қалды.
Аязды күні суға кету қаупінен аман қалған жігіттерді жағадағы Атырау қаласы Полиция басқармасының №86 стационарлық бекетінің қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырды.
Атырау облысының полицейлері мұз бетінде жүру қауіпті екендігін ескертеді.