Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалағашта ұрланған қой иесіне қайтарылды

Малы табылған Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Марат Байділдаев полицейлердің қызметіне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың қаңтар айының 31 күні белгісіз біреулер Жалағаш ауданы Еңбек ауылы Адай көшесі 15-үйдің ауласында орналасқан мал қорадан құны 50 000 теңге болатын бір бас аналық қойды жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

Бұл ретте жәбірленуші азамат полиция шағымданып, бұл факт бойынша  ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Мал ұрлау) қылмыстық іс қозғалған.

Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өткізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында осы қылмысты жасаған күдіктілер анықталып, ұрланған мал иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен қызметке адалдығына риза болған аудан тұрғыны тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру