Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері алдын алу шараларын қабылдауда

Ақмола полицейлері автожолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны үшін жыл басынан бері 24 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әкімшілік полиция басқармасы қысқы кезеңде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік деңгейін және қорғалу дәрежесін арттыру мақсатында жолдарды техникалық қадағалау жөніндегі қызметті күшейтті.

Жыл сайын тәртіп сақшылары автомобиль жолдарына маусымдық тексеру жүргізеді. Атап айтқанда жолдарды күтіп-баптау міндеті жүктелген ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп, жолдардың жай-күйі мен осы жолдарға қызмет көрсететін мекемелердің қыс мезгіліне дайындығы тексеріледі. Биыл полиция қызметкерлері 138 бірлік қар жинайтын техниканың жай-күйін тексерді, оның ішінде пайдалануға жарамды техниканың нақты саны 125 бірлік екені анықталды.

Бұдан басқа, полиция қызметкерлері жол – коммуналдық қызметтермен бірлесіп, жолдарға 188 тексеру жүргізді, жол және коммуналдық қызметтерге кемшіліктерді жою үшін 188 нұсқама жолдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру