Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Көлік полицейлері Үштөбе қаласында көрінеу жалған ақпарат таратқан 48 жастағы әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 наурыз сағат 21.15-те Талдықорған көлік прокуратурасының кезекші прокурорынан әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Үштөбе станциясында короновируске күдікті екі азаматты поездан түсіріп алғаны туралы жалған ақпарат таратуды анықталғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Желіде таралған аудио жазбада белгісіз әйел Үштөбе станциясында екі азаматты короновирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен пойыздан түсіріп алғаны туралы айтқан.

Бұл хабарлама Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 4-бөлігі 2-тармағы өрінеу жалған ақпарат таратубойынша тіркелді.

 30 наурызда Үштөбе станциясы жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 48 жастағы Үштөбе қаласының тұрғынын анықтады.

Тексеру барысында әйелдің қаладағы орта мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істейтіндігі белгілі болды.

Сұрау алу кезінде ол өз кінәсін мойындап, «Whatsapp»әлеуметтік желісінде «көрінеу жалған ақпарат тарату» фактісін растады.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру