Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады

Ақтөбе облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары жалған ақпарат таратқандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде коронавирустың таралу жағдайында бұл індет туралы және оның айналасындағы жағдай жөнінде көптеген шындыққа сәйкес келмейтін, тексерілмеген жалған ақпараттар шықты. Жалған ақпарат тез тарайды және тұрғындардың арасында үрей туғызады. Оларға тікелей психологиялық түрде әсер етеді және жағдайдың нашарлауының алдын-алу бойынша елде қабылданатын шараларға кедергі жасайды.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Whatsapp мессенжерлерінде күн сайын Туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығарылатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпарат авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деді облыстық ПД-нің орынбасары Қанат Нұрмағамбетов. Жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық Кодекстің 274 – бабында «Жалған ақпаратты тарату» — бұл қоғамдық тәртіпті бұзуға қауіптөндіретін немесе азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның я мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату.

Осы бап бойынша интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде таратылған шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың авторлары мен таратушылары жауапты болады.

Жыл басынан бері жалған ақпарат таратқаны үшін Ақтөбе қаласының үш тұрғынына қылмыстық жауапкершілік тартылды.

Тұрғындарды ресми хабарламаларға ғана сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін қауесет пен ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру