Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұрғындарды алдап, телефонын ұрлап жүргендер анықталды

Ақтөбе облысының полицейлері алаяқтардың арбауына түспеу керектігін, таныс емес адамға сенім білдірмеу қажеттігін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.Ақтөбе облысының Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге және олардан сақ болуға шақырады. Бейтаныс адамдарға бағалы заттарды немесе ақшаны беру кезінде қырағылық көрсетіп, қайта тексеру қажет.

Мәселен, 2020 жылдың наурыз айында Алға ауданы Құмсай ауылының 30 жастағы тұрғыны орталық базардың маңында тауар айналымын сылтауратып 30 жастағы Ақтөбеліктің ақшасын алып кеткен. Сенім білдірген әйел алаяққа 700 мың теңге берген. Полицияға тек 2020 жылдың маусым айында ғана арызданған. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхаты алынды.

2020 жылдың наурыз айында 1989 жылы туған ақтөбелік Олег Кошевой көшесіндегі үйдің ауласында алдау жолымен 1961 жылы туған Ақтөбеге тиесілі велосипедті алып кеткен. Полицияға 2020 жылдың маусымында әйелден хабарлама келіп түсті. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхаты алынды.

24 маусым күні 1983 жылы туған ақтөбелік Жанарсауда үйінің жанында алдау жолымен 1968 жылы туған тұрғынныңОрро маркалы ұялы телефонын алып кеткен. Күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қолға түсті. Күдіктінің осындай қылмыстарды жасауға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Күдіктіден ешқайда кетпеу туралы қолхаты алынды.

Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары Полиция департаменті сізден абай болуды сұрайды! Сіздің мүліктеріңіздің сақталуы өз қолыңызда!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру