Жалған жүргізуші куәлігімен жүрген қарағандылық ұсталды
Жалған жүргізуші куәлігімен жүрген қарағандылық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсан күні Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері сағат 11.30 шамасында Республика даңғылының бойымен қатты жылдамдықпен келе жатқан көлікті байқады.
Полицейлер 23 жастағы жігіт тізгіндеген көлікті тоқтатып, құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің жалған жүргізуші куәлігін пайдаланғаны белгілі болды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы (Құжаттарды қолдан жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.