Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығы кезекті рет азаматтарды қабылдады

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин кезекті рет азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы тұрғындар, негізінен, кадрлық мәселелер бойынша жүгінді.

– Олардың арасында біздің қызметкерлердің ата-аналары да болды. Мұндай кездесулер бізде жиі болып тұрады. Біз олармен ішкі істер органдарындағы қызметке қатысты пікір алмасып, полицейлеріміздің жетістіктері, олардың күнделікті тынышсыз өмірлері туралы әңгімелесеміз.
Мен ата-аналарға әркез түсіністік танытатындары үшін алғыс айтудан жалықпаймын және өз міндеттерін жоғары кәсібилікпен орындайтын қызметкерлерді қолдауға дайын екенімді үнемі айтып отырамын, – деп атап өтті ПД бастығы.

Сондай-ақ ол тәртіпсіз қызметкерлерді қатаң шаралар күтетінін айтты. Бұл туралы учаскелік полиция инспекторының әрекетіне шағымданған Тараз қаласының 48 жастағы тұрғынымен әңгіме барысында айтылды.
Жауапты тұлғаларға осы жайтты қатаң зерделеп, тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді. Арманбек Баймурзин мұндай фактілер расталған жағдайда міндетті түрде жолы кесілетінін тілге тиек етті.

Қабылдау барысында жамбылдықтар мал ұрлығы, алаяқтық оқиғалары бойынша жүгінді.

Тараз қаласының 35 жастағы тұрғыны ірі сомадағы несиені заңсыз тәсілмен жабуға үміттеніп, алаяққа 600 мың теңге ақшасын берген.

Бұл істе мұқият зерделенетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру