Жамбыл облысы ПД мереке қарсаңында қайырымдылық іс-шараларын өткізуде
Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының қамқорлығындағы балаларға барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қонақтар үшін Аяз ата және Ақшақармен бірге әсерлі қойылым және мерекелік концерт дайындалды. Қыздар мен ұлдар ән айтып, өлең оқып, би биледі. Ал жаңа жылдық шыршаның айналасында дөңгелене билеген биден кейін полицейлер балаларға кондитерлік өнімдер мен мерекелік торттар салынған сыйлық жиынтықтар, жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.
– Жаңа жыл – жылылық, жақсылық пен махаббат мерекесі. Жыл сайын осы сиқырлы мереке қарсаңында біз балаларымызға қонаққа келеміз. Әрқайсыңызға бақыт, денсаулық, қуаныш, сәттілік тілейміз. Барлық балалар өз елінің лайықты патриоты болатынына сенімдімін, – деді Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары Нұржан Қалметов .