Жамбыл облысы Полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті
Жамбыл облысы Полиция департаментінде кезекті азаматтарды қабылдау өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ПД бастығы полиция Жанат Сүлейменовпен 8 азамат қабылдады. Кейбір мәселелер сол жерде шешілді, қалғандары бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар қабылдауға келген азаматшалар К.Терлікбаева мен А.Жаңабаева үш жыл бұрынғы азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде тоқтатылған қылмыстық істі қайта жаңғыртуды сұрап, іс бойынша жаңадан ашылған мән-жайлар ұсынды. Полиция департаментінің бастығымен жедел тергеу тобы құрылып, жаңадан ашылған мән-жайларды толық тексеруге нұсқау берді.
Барлық айтылған ұсыныстар мен өтініштер назардан тыс қалмайды, әрбір өтініш заң шеңберінде егжей-тегжейлі зерделеніп, жауап адресаттарға жеткізіледі.
Кездесуге жазылу үшін 99-70-34, 99-70-31 нөмірлеріне қоңырау шалу керек.