Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу қаласында екі тұрғыннан 12,5 келіден астам “кептірілген марихуана” табылды

Жамбыл облысында  екі тұрғыннан 12,5 келіден астам “кептірілген марихуана” табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 тамызда Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының № 5517 әскери бөлімімен бірлесіп, Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ВАЗ-21015 маркалы автокөлігін тоқтатқан.

“Черныш” атты қызметтік иттің көмегімен автокөлікті тінту барысында жергілікті тұрғындар – 49 және 35 жастағы жолаушылардан екі полиэтилен қапқа салынған, жалпы салмағы 12,5 келіден асатын “кептірілген марихуана” есірткі заты табылып, тәркіленді.

– Ұсталғандар кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деп сөзін түйіндеді Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру