Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында 30-дан астам шетелдік азамат ҚР аумағында болу ережелерін бұзған

Жамбыл облысында 30-дан астам шетелдік азамат ҚР аумағында болу ережелерін бұзған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының бұйрығымен Тараз қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант»жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.

– Жедел-алдын алу іс – шараларының мақсаты-заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, заңсыз еңбек қызметімен айналысатын шетелдіктерді анықтау, шекараны заңсыз кесіп өту және шетелдік күштерді пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу деректерін, оларды ұйымдастырушыларды анықтау, – деді Тараз қаласының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Совет Кенжебаев.

«Мигрант» жедел -алдын алу іс-шарасы барысында Шалғай Қарасу массивінде облыс аумағында заңсыз жұмыс істеген Өзбекстан Республикасының 32 азаматы анықталды.

Олар осы ауданда ғимарат салу жұмыстарымен айналысқан. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік іс сотқа жіберілді. Сот шешімімен Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан шығарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру