Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жазаны өтеу ережелерін бірнеше рет бұзған азамат қамалды

Шығыс Қазақстан облысында екінші мүмкіндігін пайдалана алмаған сотталған ендігі екі жылын темір тордың арғы жағында өткізетін болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солжағалау аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 23 жастағы сотталған 2020 жылы ұялы телефон ашық түрде ұрлағаны үшін 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған болатын.

Есепке алынған қысқа мерзімде жаза өтеу тәртібін бірнеше рет бұзды. Оған осы үшін бірнеше рет ескерту жарияланып, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Алайда, сотталған жазаны өтеу ережелері түсіндірілгеніне қарамастан тіркеуге келмеген, тексеріс барысында бірнеше қайта тұрғылықты жерінде болмаған, қоғамдық орында құқық бұзушылық жасағандықтан ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Оның атына шығарылған ескертулерден сотталушы қорытынды жасамағандықтан бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру