Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте заңсыз сауда бойынша рейд ұйымдастырылды

Шымкентте заңсыз сауда бойынша рейд ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының № 30 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері “Қырғы” базар маңында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Тәртіп сақшылары Төле би көшесінің бойында орналасқан “Қырғы” базар алдында ретсіз саудамен айналысып отырған азаматтарға профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескерту жасады. Ал заңды талапқа бағынбай бірнеше рет әкімшілік құқық бұзған азаматтарға хаттама толтырылып, әкімшілік шара көрілді. Негізінен, заңсыз сауда жасаушылардың дені азық-түлік өнімдері, тоқаш, самса мен сүт өнімдерін сатушылар мен аяқ киім шеберлері. Әл-Фараби ауданы бойынша аумаққа жауапты учаскелік полиция инспекторлары бұл аумақта ұдайы бақылау жүргізуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру