Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында әйел түрмедегі жігітімен кездесу үшін жалған неке қию куәлігін жасатқан

Жамбыл облысында әйел түрмедегі жігітімен кездесу үшін жалған неке қию куәлігін жасатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары аталған қылмысты жасағаны үшін 48 жастағы әйелді ұстады.

Жүргізілген тергеу әрекеттерімен күдікті әйелдің бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан жігітімен кездесу үшін неке қию туралы куәлікті қолдан жасап, өзін әйелі ретінде таныстырғаны анықталды.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы баптың санкциясымен 160 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру