Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында барлық бағыттағы көлік құралдарының қозғалысы қайта жанданды

Жамбыл облысында барлық бағыттағы көлік құралдарының қозғалысы қайта жанданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «ҚазАвтоЖол » ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының өкілдерімен бірлесіп, Жуалы ауданының Шақпақ-Ата ауылы ауданында ауа райының нашарлауына және қатты желдің салдарынан көрінудің шектелуіне байланысты, сағат 21:15-те «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 532-ден 593 шақырымға дейінгі учаскесінде екі бағытта да барлық көлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың 13 қаңтарында түнгі сағат 03:00-де қаралып отырған жол учаскесі бойынша көлік құралдарының қозғалысы қайта жанданды.
Қазіргі уақытта Жамбыл облысының көлік жолдары бойынша көлік құралдарының қозғалысы көлік құралдарының қозғалысын шектемей, барлық бағыттарда ашылды.

Бұл ретте Жамбыл облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерден ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мен ауданнан тыс жерлерге барудан бас тартуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру