Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 600 қойы бар қойшыны құтқарды

Жамбылдық полицейлер қар құрсауынан отарында 600 қойы бар қойшыны құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 12 қаңтарда сағат 22:30-да Талас ауданының полиция бөліміне Үшарал ауылының маңындағы жайылымнан 600 бас ұсақ қара мал айдаған 25 жастағы қойшының отары жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полицейлер шопанның таңғы сағат 6.00-де қой табынын жайылымға шығарып, белгіленген уақытта қайтып оралмағанын анықтады.

Полиция қызметкерлері алты автокөлікпен шопанды іздеуге шұғыл аттанды және жайылымнан 45 шақырым жерде оны отармен бірге тапты.

Қойшы кенеттен жауған қалың қар мен тұманның салдарынан адасып, мал қораға жете алмағанын айтты.

Жамбыл облысының Полиция департаменті малды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ қысқы кезеңде мал қорадан алыс жерлерге отарды жаюға жібермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.