Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық 7 жыл көлік жүргізе алмайды

23 жастағы қызылордалық жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен бағыт аралау барысында 10 қаңтар күні Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде “BMW 520” автокөлігі тоқтатылды.
Құжаттарын тексеру барысында 23 жастағы жүргізушінің автокөлікті алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталды. Жүргізушіге жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.

Қызылорда қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында жоғарыда аталған жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қаралып, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру