Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ер адам 1 келіден астам есірткімен ұсталды

Жамбыл облысында ер адам бір келіден астам есірткімен ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 2 шілдесінде «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Сарысу АПБ қызметкерлері Сарысу ауданының «К» есімді ер адамның тұрғылықты мекен-жайында есірткі затың заңсыз сақтаумен айналысатыны туралы мәлімет түсті.

Осы ақпарат бойынша жүргізілген іс-шара нәтижесінде 34 жастағы Жаңатас қаласының тұрғыны ұсталды. Сот мидициналық сараптамасына сәйкес бір келі 374 грамм Каннабис кептірілген марихуана есірткі заты алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.


Күдікті кінәсін толық мойындап, қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Осы қылмысты жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру